Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Қарағанды облысында бес браконьер ұсталды

2019 жылдың 10 қазан 2019 23:51

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Табиғатты қорғау полициясы Қарағанды облысы Балқаш қаласының бес тұрғынын ұстады. Олардың автокөлігінен құқық қорғау органдарының қызметкерлері шамамен 4 қап жануар етін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ағымдағы жылдың 6 қазанында «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Ақтоғай ауданының аумағында табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және жолын кесуге бағытталған іс-шаралар өткізу кезінде Қызыларай ауылынан 25 шақырым жерде Қарақойтас қыстағына жақын жерде облыстың табиғат қорғау полициясы қызметкерлерімен 36 жастағы жүргізуші мен 51 жастағы жүргізуші басқаруындағы 2 автокөлік, сондай-ақ үш жолаушы тоқтатылды. Олардың барлығы Балқаш қаласының тұрғындары екені анықталған.

«Визуалды тексеру кезінде екі автомашинадан полиция қызметкерлері 4 қапқа салынған арқар немесе бұғы жануарының етін тапты, аталған етті тасымалдауға немесе сатып алуға қандай да бір рұқсат құжаты болмаған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Жедел-тергеу тобының қызметкерлері тексеру барысында оқиға орнын тауып, тегіс ұңғылы және ойық қаруларды тапты.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабының 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізілуде.

Жоғары қарай