Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Қарағанды облысында 100 аула абаттандырылады

2019 жылдың 2 сәуір 2019 23:14

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 2019 жылы Қарағандыда 100 аулада абаттандыру жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жөндеу жұмыстары мамыр айында басталып, қазан айына дейін жалғасады. Барлық аулаларда асфальт төселіп, жаңа жиектастар, қоқыс жәшіктері мен орындықтар орнатылады. Сондай-ақ, әрбір аумақта жарықтандыру бағаналары пайда болады. Екі аудан әкімдерінің айтуынша, егер абаттандыру барысында тұрғындар тарапынан тілектер туындаса, олар міндетті түрде назарға алынады.

Сондай-ақ, қала әкімі Нұрлан Әубәкіров әр аумақтың жанында мердігер-компанияның байланыс ақпараттары мен басшылардың телефондары бар тақтайшаларды орналастыруды тапсырды.

«Қандай да бір сұрақтар немесе жанжалдар болған жағдайда, олар мердігерге тікелей жүгіне алады», - деп түсіндірді қала әкімі.

Аулалық аумақтардан басқа, Қазыбек би ауданында 5 және Октябрь ауданында 10 тұрғын үйдің жанындағы 15 шағын гүлзар абаттандырылады. Онда балалардың ойын кешендері мен спорттық жабдықтар пайда болады, жол бойында тас төсемелер салынады және аумақ көгалдандырылады.

Қала басшысы аудан әкімдеріне абаттандыру жүргізілетін әрбір нысанды бақылауға алуды тапсырды. Жұмыстың сапасы мен орындалу мерзіміне ерекше назар аудару керектігі айтылды.

Жоғары қарай