Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Қарағанды облысы Президенттің сайлауалды бағдарламасын іске асыруға кіріседі

2019 жылдың 25 маусым 2019 14:17

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімдігінде өткен аппарат жиналысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жоспары талқыланды. Облыс әкімі Ерлан Қошанов жұмыстарға қысқа мерзімде кірісуді тапсырды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сайлауалды науқан кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың штабы елімізде ұсыныстар жинау бойынша «Бірге» атты республикалық акция өткізді. Азаматтардан барлығы 500 мыңнан астам өтініш қабылданды.

«Қарағанды облысының тұрғындарынан 65 мың ұсыныс түсті. Олардың барлығы Президент сайтындағы мәліметтер базасына енгізілді. Қарағандылықтар Мемлекет басшысына көбіне әлеуметтік кепілдіктер алу туралы жазған. Екінші орында білім беру мәселелері, сонан соң тұрғын үй және ТКШ мәселесі. Сондай-ақ қарағандылықтарды жұмыспен қамту және денсаулық сақтау мәселелері толғандырды», - деді «Nur Otan» партиясы Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова.

Ол сондай-ақ, осы мәселелердің барлығын және оларды шешу жолдарын партия мүшелері талқылап, айтылған мәселелерді тікелей шешуге кірісуге дайын екенін атап өтті.

Ерлан Қошанов қол астындағыларға әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ұстап тұру, еңбек ақыларын көтеру, әлеуметтік төлемдерді алуға қол жетімділікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Жоғары қарай