Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 377.11
EUR 424.21
RUB 5.91
CNY 56.19

Қарағанды облысы қазақ күресінен конфедерация кубогын жеңіп алды

2018 жылдың 9 желтоқсан 2018 15:51 383

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлерінен Конфедерация кубогы жалғасуда. Қазақ күресінен Қарағанды облысының балуандары жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Финалда Қарағанды облысы мен Алматы қаласының командалары кездескен болатын. Шешуші жекпе-жекте қарағандылық балуандар 5:3 есебімен жеңіске жетті. 

Қарағанды облысы сапынан Дәулет Ниетбай, Еламан Қуанбай, Қайрат Ағыбаев, Қайырғали Төлепберген, Әбдіқасым Саханов, Бекзат Ахметбековтер қарсыластарынан басым түсті. 

Қазақ күресінен жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі төмендегідей: 

1. Қарағанды облысы

2. Алматы қаласы

3. Астана қаласы

 

 

Басты сөздер: Алматы, Спорт,
Жоғары қарай