Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Қарағанды облыстық Тауарлар сапасын бақылау департаментінің басшысы ауысты

2019 жылдың 12 қараша 2019 16:56

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жаңа басшы тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат өңір әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жаңа басшысы Қанат Асқаров болды. Қанат Асқаров 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2001 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын «дәрігер-гигиенист-эпидемиолог» мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылы Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде «экономика бакалавры» дәрежесін алды. 2014 жылы техника және технологиялар бакалавры болды. «Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты бар. Еңбек жолын 2002 жылы Қарағанды облысының СЭҚ радиологиялық зертханасының техник-дозиметрисі қызметінен бастады. 2003 жылы Қарағанды облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің санитарлық қадағалау бөлімінің жетекші маманы болды. 2006 жылы Қаражал бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің басқарма бастығы қызметін атқарды.

2006-2008 жылдар аралығында Теміртау қаласында басқарманы басқарды. 2013-2014 жылдар аралығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары лауазымына кірісті.

2014 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болды. 2014 жылдан бастап 2018 жылға дейін Қарағанды облыстық медициналық көмек станциясының директоры қызметін атқарды. 2018 жылы «ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық санитарлық авиация орталығы» РМК Алматы бойынша өкілдігінің директоры болып тағайындалды. Жаңа тағайындауға дейін Саран орталық ауруханасының директоры болып жұмыс істеді.

Жоғары қарай