Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 340.27
EUR 396.31
RUB 5.39
CNY 52.39

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің бірінші проректоры тағайындалды

2018 жылдың 5 мамыр 2018 19:20 680

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның бірінші проректоры болып, Ph.D докторы Ваива Хендриксон тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ph.D докторы Ваива Хендриксон «Емдеу ісі» мамандығы бойынша Вильнюс Университетін (Латвия) 1995 жылы тәмамдаған. Еңбек жолын аталған университетте физиология, биохимия және лабороторлы медицина кафедрасында бастаған Ваива Хендриксон 2008 жылы Вильнюстегі Миколас Ромерис атындағы Университеттің биомедицина құқығы саласы бойынша магистрі атанған. Кәсіби дәрігер 2014 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде Академиялық мобильділік бағдарламасы аясында штаттан тыс қызмет еткен.

Жаңадан тағайындалған проректор медицина ғылымдарын жетілдіру, xалықаралық серіктестікті нығайту және стратегиялық даму істері бойынша отандық медицинаның дамуына үлесін қоспақ.

1970 жылы дүниеге келген Ваива Хендриксон 1995 жылы Вильнюс университетінің медицина факультетінде «Емдеу ісі» мамандығын тәмамдаған.

1996-2003 жылдары Вильнюс университетінің медицина факультеті, филология, биохимия және лабороторлы медицина кафедрасының көмекшісі қызметін атқарған.

2003-2007 жылдары Вильнюс университетінің медицина факультеті, филология, биохимия және лабороторлы медицина кафедрасының лекторы болған.

2008 жылы Вильнюстегі Миколас Ромерис атындағы Университеттің биомедицина құқығы саласы бойынша магистрі атанған.

2007-2016 жылдары Вильнюс университетінің медицина факультеті, филология, биохимия және лабороторлы медицина кафедрасының доценті.

2016 жылдан осы уақыт аралығына дейін Вильнюс университетінің медицина факультеті, филология, биохимия және лабороторлы медицина кафедрасының профессоры және халықаралық бағдарламалар мен байланыс бойынша деканның орынбасары.

 

 

Басты сөздер: Білім, Тағайындау,
Жоғары қарай