Ауа райы
Нұр-Сұлтан 21 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
CNY 55.05

Қарағанды машина жасау зауытының ұжымы Nur Otan съезінің шешімін қолдады

2019 жылдың 25 сәуір 2019 18:12 805

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды құю-машина жасау зауытының қызметкерлері Nur Otan партиясы съезінің шешімін қолдайтындарын білдіріп, үндеу қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

25 сәуірде өткен еңбек ұжымының жиналысы барысында аталмыш өтініш жария етілді.

«Өндіріс қызметкерлері ретінде біз еліміздің экономикасындағы өңдеуші өнеркәсіптің үлесі одан әрі артатынына және қазіргі заманғы инновациялық, индустриялық және бәсекеге қабілетті технологияларды ескере отырып, техникалық және халық шаруашылығының барлық салалары кезең-кезеңімен дамитынына үміттенеміз. Сондықтан билік сабақтастығының жан-жақты ойластырылған саясаты мен Ұлт көшбасшысының дана шешімін біздің зауыт жұмысшыларының барлық еңбек ұжымдары қолдайды», - делінген хатта.

Сондай-ақ, жиналыстың қатысушылары сайлау әрдайым жаңаруға және жаңғыруға үмітті артатынын атап өтті. Бұл қазақстандықтардың күш-жігерін шоғырландырып, бүкіл ел үшін болашаққа жаңа серпіліс жасауға көмектесетін қадам.

Зауыт жұмысшылары сайлау кезінде учаскелерге барып дауыс беретіндерін айтты. 

«Maker (Майкер)» ЖШС Қарағанды құю-машина жасау зауыты - Қазақстанның тау-кен саласының көп салалы жоғары технологиялық кәсіпорны. Зауыт тау-кен жабдықтарын жасайды және жөндейді.

 

 

Жоғары қарай