Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 380.84
EUR 419.50
RUB 6.05
CNY 54.90

Қар, тұман, көктайғақ: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

2019 жылдың 4 желтоқсан 2019 17:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 5-7 желтоқсан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жылы және ылғалды атлантикалық циклондар Ресейдің еуропалық бөлігінен Батыс Сібірдің солтүстік аймақтарына жылжуда. Ал онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан территориясының ауа райына ықпалын тигізеді.

Сондықтан алдағы үш тәулікте республиканың көптеген облыстарында жылбысқы қар және қар жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болады.

Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда екпінді батыс желі соғады, бұрқасын көтеріледі. Дегенмен, ауа температурасы көпжылдық орташа мәннен жоғары күйінде сақталады.

Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай