Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Қар, бұрқасын, көктайғақ – сенбіге арналған ауа райы

2019 жылдың 9 қараша 2019 00:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 9 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республиканың басым бөлігінде суық атмосфералық бөліктердің өтуімен жауын-шашын сақталады. Солтүстікте және шығыста кей жерлерде жаңбыр және қар түрінде қатты жауын-шашын, жел күшейеді, бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Қазақстанның оңтүстік аймақтарында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Алматы облыстарында тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15 м/с күшейеді.

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай