Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 377.29
EUR 418.41
RUB 6.09
CNY 54.66

Қаңтар айында қазақстандықтардың 88% МӘМС жүйесімен қамтылады

2019 жылдың 13 желтоқсан 2019 16:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылғы қаңтарда қазақстандықтардың 88% -ын қамтиды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге дайындық кезіндегі негізгі міндеттердің бірі - бұл жүйеге барынша көп адамдарды тарту болды. Соның ішінде екі жыл бұрын Елбасы алға қойған міндет - өзін-өзі жұмыспен қамтығандар базасын жаңарту. Бүгінгі таңда Үкімет жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, бұл жұмысты аяқтап жатыр. Халықтың 97% мәліметтер базасында жаңартылды. Бұл жұмыс жыл соңына дейін жалғасады», - дейді Елжан Біртанов.

Оның айтуынша, 2020 жылдың қаңтарында нақты 97% тұрғындар арасында сақтандыру болжамы 88%-ды құрайды.

«Біріншіден, бұл көрсеткіштің 54%-ы 15 жеңілдік санатына жататын халық және олар мемлекет тарапынан сақтандырылады. Тағы 29% - бұрын сақтандырылған қызметкерлер, осы жылы олар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, сонымен қатар азаматтардың басқа санаттарына жарна ала бастады. Қалған 12% - 2,2 млн адам тәуелсіз төлеушілер деп аталады», - дейді ол.

Сонымен қатар, министр міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы 2020 жылы денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі 50 пайызға артып, 1,5 трлн теңгеге жетеді деп мәлімдеді.

Жоғары қарай