Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 371.56
EUR 422.43
RUB 5.56
CNY 53.51

«Канелодан» жеңілген Головкин мен оның бапкері дәл қазір қандай күйде жүр

2018 жылдың 25 қыркүйек 2018 09:16 107

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (31-1-1, 34 КО) бапкері Абель Санчес маңызды жекпе-жекте жеңіліс тапқан қарамағындағы боксшыларды қалай қолдайтынын айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин қарымта кездесуде мексикалық Сауль Альварестен (50-1-2, 34 КО) жеңіліп, WBA Super, WBC және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулынан айырылған болатын.

«Біздің естеліктеріміз қысқа болуы керек. Оларды артқа қалдырып, келешекте қайталамауға тырысқан абзал. Біз кері қайтып, барлығын қайта қалпына келтіруге тиіспіз. Жеңіліс пен негативті сәттерден сабақ алған жөн», - деді Абель Санчес.

Еске салайық, алдыңғы жылы өткен алғашқы кездесуде Головкин мен «Канело» тең түсіп, ел арасында шу шыққан еді. Бұл жолы «Канело» төрешілердің басым дауысымен жеңімпаз атанғанмен, журналистер мен жанкүйерлер мұндай шешімге наразылық білдірді. 

 

 

Басты сөздер: Спорт, Бокс, Геннадий Головкин,
Жоғары қарай