Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Қанат Ислам жеңіске жетті

2019 жылдың 26 қазан 2019 23:23

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам намибиялық Уолтер Каутондоквамен қолғап түйістірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қанат Ислам бүгінгі жекпе-жегінде барынша сенімді ойын көрсетуге тырысты. Намибиялық боксшы да оңай қарсылас емес. Сондықтан әрбір раунд тартысқа толы болды.

Қанат бесінші раундты сәтті өткізді. Қарсыласына бірнеше қауіпті соққы жұмсап үлгерді. Нәтижесінде қарсыласын нокдаунмен сұлатып түсірді. Дегенмен намибиялық боксшы көп ұзамай ес жиып, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Одан кейінгі раундтарда африкалық боксшы Қанат Исламға лайықты қарсылық көрсетті. Кейбір сәттерде оның басымдығы аңғарылып тұрды.

Жекпе-жек он раундқа созылды. Төрешілер шешімімен Қанат Ислам жеңіске жетті. Ол осылайша 27 жекпе-жегінде қарсыласынан басым түсіп отыр. Ол WBO (Бүкіләлемдік бокс ұйымы) белбеуіне қол жеткізді.

Аталмыш жекпе-жек Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткізілді.

Қазақстандық Қанат Ислам 2012 жылдың 28 қыркүйегінен бері кәсіпқой бокста сынға түсіп келеді. Бүгінгі күнге дейін 26 жекпе-жек өткізіп, оның барлығында қарсыласынан басым түсті. Оның 21-ін нокаутпен аяқтаған.

Сондай-ақ, бүгінгі жекпе-жек андеркартында Руслан Мырсатаев белорусь боксшысы Юрий Быховцевті, Арман Рысбек өзбек спортшысы Мухитдин Раджапбаевты, Нұрсұлтан Аманжолов латыш Эдграс Калнарсты, Бексұлтан Раушанов румын Александру Ионицені, қытайлық

Ақтілек Жиенші украиналық Максим Воронинді жеңді.

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Бокс, Спорт,
Жоғары қарай