Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Қанат Ислам – Уолтер Каутондоква айқасын қайдан көруге болады

2019 жылдың 26 қазан 2019 16:06

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтеді. Онда қазақстандық Қанат Ислам (26-0, 21 КО) Уолтер Каутондоквамен (18-1, 17 КО) орта салмақтағы WBO International чемпиондық титулын сарапқа салады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Бокс кеші Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталады. «Qazsport» телеарнасы 19:00-ден бастап тікелей трансляция ұйымдастырады. Сондай-ақ, айқасты «Qazaq Promotions» промоутерлік компаниясының ресми сайтынан тамашалауға болады.

Алматыдағы бокс кешінің толық карды мынадай:

Қанат Ислам (Қазақстан, 26-0, 21 КО) — Уолтер Каутондоква (Намибия, 18-1, 17 КО)

Руслан Мырсатаев (Қазақстан, 6-0, 6 КО) — Юрий Быховцев (Беларусь, 10-17-3, 5 КО)

Арман Рысбек (Қазақстан, 6-0, 5 КО) — Мухитдин Раджапбаев (Өзбекстан, 10-6-1, 7 КО)

Сапарбай Айдаров (Қазақстан, 3-0, 2 КО) — Ярослав Мануилов (Украина, 2-2, 2 КО)

Асқар Ерубек (Қазақстан, 1-0, 1 КО) — Владислав Баранов (Украина, 6-4-2, 4 КО)

Акетелиеке Жиенси (Қытай, 10-3-3, 2 КО) — Максим Воронин (Украина, 3-0, 1 КО)

Нұрсұлтан Аманжолов (Қазақстан, 1-0, 0 КО) — Михал Банбула (Польша, 13-31-4, 0 КО)

Дәулет Дәукенов (Қазақстан, 5-1, 3 КО) — Иван Петров (Молдова, 3-1-1, 0 КО)

Бексұлтан Раушанов (Өзбекстан, 5-1, 3 КО) — Александру Ионицэ (Румыния, 7-1-1, 5 КО).




Фото: instagram.com/islamkanatqazaq

Басты сөздер: Алматы, Спорт, Бокс,
Жоғары қарай