Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Канаданың авиациялық билік өкілдері Қазақстанға сапарлайды

2019 жылдың 27 қыркүйек 2019 20:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Канаданың авиациялық билігі әуе көлігі саласындағы өзара әріптестікке келісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Монреаль қаласында (Канада) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) мерейтойлық Ассамблеясында Қазақстан делегациясы Канаданың авиациялық билік өкілдерімен әуе көлігі саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесу өткізді. Кездесуге канадалық делегация құрамында Канада Сыртқы істер министрлігінің, Көлік министрлігінің және көлік агенттігінің өкілдері қатысты», - делінген Азаматтық авиация комитетінің Telegram -дағы парақшасында жарияланған ақпаратта.

Кездесу барысында тараптар халықаралық әуе тасымалы саласындағы өзара әріптестікті, екі мемлекет арасындағы әуе қатынасы, сондай-ақ екі елдің әуе тасымалдаушылары арасындағы келісім мәселелерін талқылады.

Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында жұмыс әдістерін жетілдіру және тәжірибе алмасу процесін жақсарту мақсатында ағымдағы жылдың қазан айында Канада авиациялық билік өкілдері делегациясының Қазақстанға сапары жоспарланған.

Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Қоғам, Көлік,
Жоғары қарай