Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Канадалық компания Ақтөбенің жолдарын жөндеуге ұсыныс білдірді

2019 жылдың 10 қазан 2019 23:07

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жол жөндеу саласына жаңа инновация енгізу жөнінде ауқымды жиын өтті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің қатысуымен Қобда ауданында жиын өтті. Оған облыстық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы, өңірдегі 20-дан астам мердігер компания басшылары және канадалық «CanRos GRP Inc» инновациялық материалдар компаниясының президенті Юрий Тарасов пен «Cypher Environmental» өндіруші компаниясының бас инженері Джейми Гладен, Ақтөбе облысы жол саласы, жол активтері сапасының ұлттық орталығы, Қазақстандық жол ғылыми-зерттеу институтының мамандары қатысты. «Біздің алдымызда 2025 жылға дейін жақсы және қанағаттанарлық жол сапасының көлемін 95% немесе 4,7 мың шақырымға жеткізу мақсаты тұр. Жыл сайын облыстық, аудандық маңызы бар 500 шақырым жол жөнделуі тиіс болғанымен, бюджеттен бөлінетін қаржы 300 шақырым жолды жөндеуге мүмкіндік береді »,- деп атап өтті аймақ басшысы. Жол жөндеуге жұмсалатын қаржыны үнемдеп әрі сапалы төсеуге канадалық «CanRos GRP Inc» компаниясы ниет білдіріп отыр. Осы жылдың қыркүйек айында «Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль-Илецк» бағытындағы жолдың 3 шақырымын өз қаражаттарына сараптамалық жөндеуден өткізуді бастаған. Автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Мәлімбет Ибрашевтың сөзінше, канадалық компания өнімін Қазақстан территориясында сатуға рұқсат алып, сараптама жұмысы мақұлданса, Ақтөбе жолдарын жөндеумен айналысуы мүмкін. Шетелдік компания басшысы Юрий Тарасов кәсіпорынның жұмысын таныстырды. Көптеген елдерде жөндеу жұмыстарын жүргізгенін атап өтті. Бюджет қаржысын үнемдеуге уәде берген компания жол жөндеуде қиыршық тасты пайдаланбайды. Бұл тәсіл шалғай ауылдарға тас жеткізу, жөндеу жұмыстарын жеңілдетпек. Мәселен, бір шақырым жолды жөндеуге әдетте 40 млн теңге жұмсалса, канадалық кәсіпорынның тәсілін қолданған жағдайда 28 млн теңге жаратылады. Айта кетейік, облыста жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 5 мың км құрайды. Оның ішінде тек 2,6 мың шақырымы немесе 53% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.







Жоғары қарай