Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Канадада ұшақ апатқа ұшырады, құрбандар арасында балалар бар

2019 жылдың 29 қараша 2019 11:03

КИНГСТОН. ҚазАқпарат – Канаданың Онтарио провинциясындағы Кингстон қаласы әуежайының маңында шағын ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат CTVNews.ca-ға сілтеме жасап.

Жеті адам опат болған, соның үшеуі жас бала. Канаданың Көліктегі қауіпсіздік кеңесі апат орнына сарапшыларын жіберген. Бейсенбі күні кешкісін қайғылы оқиғаның суреттері жарияланды.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, Торонтодан ұшқан ұшақ Кингстон әуежайына қонуы тиіс болған. Бірақ кешкі бесте әуежайға жеті шақырым жетпей, орманға құлаған.

Хабарларға қарағанда, апаттың алдында ғана Кингстон облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, апат болған кезде қатты жел соғып, нөсер жауған.

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай