Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Қаланың шет аудандарында тұрғындардың 25% тұрады – Алтай Көлгінов

2019 жылдың 3 тамыз 2019 23:41 196

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алтай Көлгінов қаланың шет аударына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Жалпы елордада 16 тұрғын үй алабы бар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Елбасы «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде елорданың шет аймақтарын дамыту бойынша тапсырма берді. Біздің қалада 16 тұрғын үй алабы бар. Онда 280 мың адам тұрады. Бұл қала тұрғындарының 25 % құрайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың шет аудандарын дамытуды тапсырды. Үш жылдық кезеңге нысандардың тізімі әзірленді. Осы бойынша жұмыс жасаймыз», - деді А. Көлгінов.



Қала әкімі шет аудандардың түйіткілді мәселелері 3 негізгі блокқа бөлінгенін атады. Бұл жол және инженерлік инфрақұрылым, әлеуметтік нысандардың аздығы, абаттандыру мәселелері.

Тұрғындар көшеге жарық орнату, жол және жаяу жүргіншілер үшін тротуарлар салу, орталық су құбырын тарту, жылу беру мәселесін шешу, канализация жүйесін құру мәселелерін көтерді. Елорда әкімімен кездесу барысында тұрғындар осы аумақта тұратын азаматтардың еш жұмысты жатырқамай, еңбекке жақын екенін айтты.



«Біз осы жерде туып-өстік, білім алдық. Тұрып жатқан ауданымызда өмір сүруге қолайлы жағдай жасалса дейміз. Бұл жерде нағыз еңбексүйгіш азаматтар тұрып жатыр», - деді тұрғындар.



Қаланың шеткері аймақтарының басты проблемаларының бірі – тұрғындардың 30 % орталық су құбыры жоқ. Өндіріс, Мичурино, Интернациональный, Көктал, Пригородный, Железнодорожный тұрғын үй алаптарының тұрғындары колонкалардан су алады. Бұған қоса, 698 көшенің 245-і тас төселмеген.



Абаттандыру бойынша биылғы жылы 6 балалар алаңының құрылысы жүруде, ағаш отырғызу, жылы аялдамалар салу және гүлзарлар салу жұмыстары жүргізілуде. Жылдың соңына дейін 42 көшені жарықтандыру, 5 ауланы абаттандыру шаралары аяқталады.

Ильинка және Лесозаводтағы үш ауысымда оқитын екі мектептің мәселесін шешу үшін жобалау жұмыстары басталды.

Қаланың шет аймақтарын дамыту бағыты ағымдағы жылы шілде айының соңында Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында бекітілді. Осылайша, Алтай Көлгінов бір ай ішінде 9 тұрғын үй алабын аралады.

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Қоғам, Әкімдік,
Жоғары қарай