Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 379.59
EUR 429.43
RUB 5.91
CNY 56.58

Қалаға тарихи тұлғалардың есімін беру тәжірибесі бар

2019 жылдың 22 наурыз 2019 17:15 657

АСТАНА. ҚазАқпарат - «НҰР-Медиа» xолдингі бас директорының орынбасары, ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрағасы Максим Споткай Астананың атауын өзгерту процедурасы жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір қоғамымызда талқыланып жатқан ең өзекті мәселелердің бірі - елорданың қайта аталуы. Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті, лайықты саясаткер деп есептеймін. Бұл - әлемдік тәжірибе, әлемнің көптеген елдері мен қалаларын ұлы саясаткерлердің құрметіне атаған. Вашингтон, Санкт-Петербургтен бөлек, өз елімізде Сәтпаев, Жамбыл қалалары бар. Бұл атаулар сол қалалардың дамуына үлкен үлес қосқан тұлғалардың құрметіне берілген. Демек, бұл тәжірибе бізде де қолданылады», - деді Максим Споткай.

Оның айтуынша, Елбасы - елорда атауын өзгертуге лайықты тұлға.

«Елбасы Астананы өз бастамасымен ұсынды, өз шешімімен Сарыарқаға көшірді. Бұл да кезінде тарихи шешім деп бағаланды. Осылайша, 20 жылда Елбасының саясатымен Ұлы даламыздың төрінде жаңа қала бой көтерді. Негізін қалаушы - сөзсіз Тұңғыш Президент. Сондықтан, елорда атауын беруге Елбасы лайықты деп есептеймін», - деді М. Споткай.

 

 

Жоғары қарай