Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Қ. Тоқаев: Өзбекстанмен экономикалық және әлеуметтік-гуманитарлық ынтымақтастықты жалғастыруға дайынбыз

2019 жылдың 14 сәуір 2019 13:55

ТАШКЕНТ. ӨзА-ҚазАқпарат - Өзбекстанмен экономикалық және әлеуметтік-гуманитарлық ынтымақтастықтың барлық бағытында жұмысты жалғастыруға дайынбыз. Өзбекстанның «ӨзА» ұлттық ақпарат агенттігіне сұхбат берген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сұхбат барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында өтетін шараларға өзбекстандықтардың көптеп қатысып, жылы пікір білдіретіндігіне үміт артатынын айтты.

"Біз үшін Өзбекстанның әрбір тұрғыны осынау ұлан-ғайыр оқиғадан өзіне қажетті дүниені алып, жүректерінде Қазақстанның бір бөлшегін мәңгі сақтауы өте маңызды. Сондықтан біз Қазақстан жылы бағдарламасын барысынша сан алуан әрі мазмұнды жасауға тырыстық. Егер бизнесмендер мен саясаткерлерге бизнес-форумдар және конференциялар айрықша қызықты болса, студенттерге білім көрмелері қараластырылған. Бұған қоса, көптеген мәдени, спорттық және туристік шаралар жоспарланған. Қазақстан жылының географиялық қамтуына ерекше мән беріледі.Іс-шаралар Өзбекстанның барлық өңірінде өтетін болады. Осылайша біз өңіраралық кооперацияны күшейтуге, адами байланыстарды нығайтуға үміт артамыз", - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің атап өтуінше, сауда, шекара маңы ынтымақтастығы, туризм, көлік және мәдениет салаларындағы бұған дейін халыққа жария етілген бастамалар мен жобалар бойынша жүйелі жұмыстар жалғасын табады.

"Сонымен қатар біздің бақылау-өткізу бекеттерімізді жаңғыртуды аяқтауға ниеттіміз. Бұл мемлекеттік шекараны кесіп өту уақытын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз -заманауи шекаралық және кедендік инфрақұрылым қалыптастыру. Бұл қарапайым азаматтарға, бизнеске қажет. Бұған қоса, мұндай жұмыс біздің елдеріміздің туристік әлеуетін нығайтуға септігін тигізеді. Бір сөзбен айтқанда Өзбекстанмен экономикалық және әлеуметтік-гуманитарлық ынтымақтастықтың барлық бағытында жұмысты жалғастыруға дайынбыз", - деді Қ.Тоқаев.

Осы орайда ҚР Президенті мұның барлығы өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың жаңа көпірін салуға мүмкіндік беретіндігін айрықша атап өтті.

"Жақын көрші - ниеттес көрші" («Ён қўшним - жон қўшним») деген өзбек мақалы бар. Өзбекстандағы Қазақстан жылы біздің халқымыздың арасындағы көп ғасырлық достық әрі тату көршілік дәнекерін нығатуға қызмет ететіндігіне түбегейлі сенімдімін", - деді Мемлекет басшысы.

Жоғары қарай