Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Иван Дычко 48 жастағы америкалық боксшымен жекпе-жекке шығады

2019 жылдың 24 сәуір 2019 15:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко (7-0, 7КО) 10 мамыр күні Голливудтағы (АҚШ, Флорида штаты) Seminole Hard Rock Hotel and Casino кешенінде айқас өткізетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан кәсіпқой боксы федерациясының ВКонтактедегі парақшасында хабарланып отырғандай, 28 жастағы Иванның қарсыласы - 48 жастағы америкалық Рэй Остин (29-9-4, 18КО). Айқас алты раундқа есептеліп отыр.

Аталмыш кештің «жеңілмегендер кеші» деп аталуы тегін емес. Себебі, ол күні Seminole Hard Rock Hotel and Casino кешенінде жеңіліп көрмеген 7 боксшы шаршы алаңға шығады.

Өзінің соңғы айқасын Иван Дычко өткен жылдың шілде айында өткізіп, америкалық Морис Харристі алғашқы раундта нокаутқа жіберген еді.

Еске сала кетсек, осыдан бір апта бұрын ауыр салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко (7-0, 7КО) WBA, WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Энтони Джошуаны (22-0, 21КО) айқасқа шақырған еді. Қазақстандық боксшы бұл қадамға Джошуаның қарсыласы Джарелл Миллердің (23-0-1, 20КО) допинг-тесттен өтпей қалуы себеп болған еді.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Бокс, Спорт,
Жоғары қарай