Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 385.16
EUR 425.95
RUB 6.01
CNY 54.51

Италиялықтар Семейде деректі фильм түсіріп жатыр

2019 жылдың 20 тамыз 2019 16:37

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Италиялық журналистер Семей қаласында деректі фильм түсіріп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат қаланың ақпарат орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Италиялық журналистер Пьерпаоло Миттика мен Алессандро Тессей көптеген жылдар бойы ядролық полигорнды зерттеумен айналысады. Зерттеушілер осы жылдар ішінде Фукусиму мен Чернобылде болған. Табиғат пен жергілікті тұрғындарға ұзақ жылдар бойы залал әкелген Семей ядролық полигонын да назардан тыс қалдырмады. Италиядан келген қонақтар қазір Семейде сынақ өткізілген жылдары мұнда қандай жағдай болғаны, бұрынғы полигонның орнында қазір не болып жатқаны туралы деректі фильмде айтылады.

«Біз Қазақстанда турист ретінде емес, жұмыс істеуге келдік. Таңертең Балалар үйінде болдық. Ол жерде дамуында ауытқулары бар балаларды көрдік. Бұған қарау өте қиын. Полигонмен болған жағдайдың салдары сіздердің еліңізде, осы өңірде өте қатты байқалады. Бізге осындай адамдармен жұмыс істеу және бұны көру өте қиын соғуда», - деді журналист-фотограф Пьерпаоло Миттика.

Жоғары қарай