Ауа райы
Нұр-Сұлтан 7 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 378.56
EUR 424.44
RUB 5.91
CNY 56.36

Италияда жүргізуші мектеп автобусын ішіндегі балалармен қоса өртеп жіберді

2019 жылдың 21 наурыз 2019 08:20 1003

АСТАНА. ҚазАқпарат - Миланның төңірегінде жүргізуші ішінде 50-ден астам оқушы отырған автобусты айдап әкетті. Ол сол автобуспен бірнеше полиция көлігін соғып өтіп, сосын ішіндегі балалармен қоса өртеп жіберген. Оған дейін іштегі кей балаларды байлап тастаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС сілтеме жасап. 

Италия полициясының мәліметінше, автобусты өртер алдында жүргізуші балаларға «Ешкім тірі қалмайды» деген. Алайда, шын мәнінде ешкім өлген жоқ, балалар автобустың артқы терезесі арқылы сыртқа шығып үлгерді. Терезені автобустың соңынан қуып жеткен полицейлер сындырған болатын.

Полиция мәліметінше, оқиға салдарынан 14 адам түтіннен уланған, дегенмен олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

«Бұл нағыз ғажайып. Әйтпесе бір адам да аман қалмай, нағыз трагедия болар еді», - деді Миланның бас прокуроры Франческо Греко.

Жүргізуші тұтқындалды. Ол - Сенегалда туып-өскен 47 жастағы Италия азаматы екен. Автобуста балалармен бірге болған мұғалімнің сөзінше, жүргізуші Италияның көші-қон саясатына көңілі толмайтынын бірнеше рет айтқан.  

Кей БАҚ өкілдері жүргізуші «Жерорта теңізіндегі адам өліміне тосқауыл қоюды» талап еткенін жазды.

 

 

 

 

Автор: Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай