Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Италияда таудан құлаған көшкін пойызды рельстен шығарып жіберді

2019 жылдың 18 қараша 2019 16:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Италияның солтүстігінде лай көшкіні жүріп бара жатқан пойызды рельстен шығарып жіберді. Бұл туралы жергілікті басылымдар жазды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Тgcom24 телеарнасының хабарлауынша, дүйсенбінің таңында Фортецца қаласынан Бруникоға бара жатқан пойыз Больцано провинциясында таудан құлаған лай көшкінінің екпінінен рельстен шығып кеткен.

Больцано провинциясы баспасөз және байланыс агенттігі Twitter парақшасында оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпегенін мәлімдеді. Шұғыл жеткен құтқарушылар жолаушыларды қауіпсіз жерге дін аман жеткізген.

Айта кетейік, қазір Италияның солтүстігінде ауа райы қолайсыз болып тұр. Өткен аптада Трентино-Альто-Адидже облысында жауған қалың қар электр желілері мен көлік байланысына айтарлықтай зиян келтірген. Өңірде теміржол қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай