Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 399.51
EUR 447.33
RUB 5.78
CNY 56.10

Италияда коронавирустан бесінші адам көз жұмды

2020 жылдың 24 ақпан 2020 19:43

РИМ. ҚазАқпарат –Коронавирус жұқтырған бесінші адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ANSA агенттігіне сілтеме жасап.

Дүйсенбі күні Ломбаридия губернаторы Аттилио Фонтана коронавирустан көз жұмған 5- адам 84 жастағы ер адам болғанын және оның ауруханада болғанын растады.

Фонтана Ломбаридиядағы ауру жұқтырғандардың саны 165 адамға жеткенін атап өтті. Бұл Италияда вирус жұқтырғандардың жалпы саны 200 адамға артқанын білдіреді.

Венетода 27 жағдай, тағы 16 жағдай Эмилия-Романьяда, ал Пьемонтта, Трентино-Альто-Адиджеде, Лациода үш-үштен тіркелген. Лациода вирусты Қытайдың Ухань қаласынан келген италиялық зерттеуші, сондай-ақ Римнің Спалланцани ауруханасында жатқан тағы екі қытайлық турист жұқтырған.

Ломбардия, Венето, Пьемонт, Трентино-Альто-Адидже және Фриули-Венеция-Джулия облыстарында мектептер, университеттер, мұражайлар, ескерткіштер мен кітапханалар жабылған, сонымен қатар адам көп баратын қоғамдық шараларға тыйым салынған.

Италия билігі коронавирустың таралуына байланысты танымал Венеция карнавалын кейінге шегерген.

Денсаулық сақтау жөніндегі еурокомисар Стелла Кириакидес Аурудың алдын алу және бақылау жөніндегі Еуропалық орталық пен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан келген сарапшылар тобы COVID19 берілуін шектеу үшін көмек көрсетуге Италияға келді.


Басты сөздер: Коронавирус, Әлем,
Жоғары қарай