Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Италияда аударылған автобуста 9 қазақстандық болған

2019 жылдың 23 мамыр 2019 01:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Италияда аударылған автобустың ішінде 9 Қазақстан азаматы болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«9 азаматтың 5-еуі емханаға жатқызылды, ал қалған 4 адам қонақүйге орналастырылды. Зардап шеккен қазақстандықтар түрлі деңгейде жарақаттар алған. Жақын күндері жергілікті дәрігерлер толық медициналық тексеру жүргізіп, оларды ары қарай емдеудің жолдарын ұсынатын болады. Біздің дипломатия отандастарымызбен бірге және оларға қажетті көмектің барлығын жасауда. Зардап шеккендердің туыстарына оқиға туралы хабар берілді», - делінген таратылған ақпаратта.

Еске салсақ, бүгін Италияның Сиена провинциясында шетелдік туристер отырған автобус аударылып, салдарынан бір адам көз жұмып, шамамен он адам түрлі деңгейде жарақатар алғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Автор Гүлсая Жақан
Басты сөздер: Әлем, ҚР СІМ, Еуропа,
Жоғары қарай