Ауа райы
Нұр-Сұлтан 12 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 383.69
EUR 429.08
RUB 5.97
CNY 55.39

Италия азаматы 9 шақырым биіктікте ұшақтан секірмекке әрекеттенді

2019 жылдың 26 сәуір 2019 20:33 904

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - EasyJet әуе компаниясының Лондоннан Пизаға ұшқан рейсінде италиялық жолаушы шу шығарды, деп деп хабарлайды ҚазАқпарат The Sun басылымына сілтеме жасап.

Ол қалың киініп алып, тоғыз шақырым биіктікте ұшып бара жатқан ұшақтың апаттық шығу есігінен секірмекке әрекеттенді.

«Ол абыржулы көрінді, өзі қалың пальто киген. Дәретханада бір минуттай болды», - деп сипаттайды оны басқа жолаушылар.

Әлгі жігіт дәретханадан шыға салып, апаттық шығу есігіне барған да оны ашпақ болған. Экипаж мүшелерінің бірі оған айғайлап, басқалары қорқыныштан жылап-сықтай бастаған.

Бірнеше ер адам әлгіге жабылып, Пизаға қонғанша жібермей отырды. Сөйтіп әуежайда полицияға тапсырды. Басылымның хабарына қарағанда, ұшақта шу шығарған отыздар шамасындағы Италия азаматы болып шыққан.

 

 

Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай