Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 447.60
EUR 489.41
RUB 5.71
CNY 63.05

Ішкі су жолдарында кеме қатынасын дамыту тұжырымдамасы әзірленеді

2020 жылдың 18 ақпан 2020 19:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көлік саласын дамыту бойынша бүгін айтылған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасының 2020-2025 жылдарға арналған, соның ішінде 2020 жылы орындалуы керек жоспарын ерекше бақылауға алу қажет. Контейнер тасымалы көлемін кем дегенде 30%-ға арттыру керек, сонымен қатар Құрық порты мен Иран порттары арасында паром қызметін ашу үшін шара қабылдау керек. Бұдан бөлек, сіздерге еліміздің ішкі су жолдарында кеме қатынасын дамыту тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырамын», - деді Роман Скляр.

Сонымен қатар, оның айтуынша, аавтокөлік мекемесі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, мүмкіндігінше жеке тасымалдаушыларды тарта отырып, аймақтардағы әлеуметтік маңызы бар бағыттарды субсидиялауды ұйымдастыруы тиіс.

«Құрылыс маусымы басталғанға дейін мақсатқа жету үшін жолды дамыту кезінде жылдық сұраныстағы инертті материалдардың кем дегенде 70% сатып алу қажет. Жол салу, жөндеу және күтіп ұстауды жүйелі негізде қамтамасыз ету керек. Ақтөбе - Атырау - Астрахань, Қарағанды - Балқаш - Алматы, Талдықорған - Өскемен және басқа да көлік жолдарында қозғалыс ашуды пысықтау керек», - дейді ол.

Сондай-ақ, Роман Скляр министрлікке әкімдіктермен бірге су тасқыны кезеңіне сапалы дайындықты ерекше бақылауға алуды, сондай-ақ жергілікті жол желілерін қалпына келтіруге қаржы бөлуді тапсырды.


Жоғары қарай