Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 376.77
EUR 408.46
RUB 5.95
CNY 53.98

Ішкі нарықта бензин тапшылығы жоқ – ҚР Энергетика министрлігі

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 10:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Энергетика министрлігі еліміздің ішкі нарығында бензин тапшылығы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылдың қаңтарында бензин өндірудің жоспарлы көлемі 415,7 мың тоннаны құрап отыр. Ал тұтыну көлемі 340 мың тонна деңгейінде болады деп күтілуде. 20 қаңтардағы жағдай бойынша, Аи-92 маркалы бензинінің жиынтық қоры 247 мың тоннаға жетті. Бұл көрсеткіш биылғы 5 қаңтардағы қалдықпен салыстырғанда 40 мың тоннаға артық. Қалдықтардың қазіргі деңгейі ішкі нарық қажеттіліктерін жабу үшін 20 күнге жеткілікті», - делінген министрлік баспасөз қызметінің ақпаратында.

Министрлік мәліметінде, отын бойынша қордың аталған көлемі қолайлы деңгейде. Барлық үш мұнай өңдеу зауыты штаттық режімде жұмыс істеуде.

«Бензин өндіру көлемі ішкі нарық қажеттігін толықтай жабуға мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан Қазақстанның ішкі нарығында отын тапшылығы жоқ екенін сенімді айтуға болады», - делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетейік, 2015 және 2016 жылдары сәйкесінше бензин мен дизель отынына мемлекеттік реттеу тоқтатылды. Осы арқылы, жанар-жағармай бағасы сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасуда, яғни нарықпен реттеліп келеді.


Жоғары қарай