Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне жаңа басшы келді

2019 жылдың 21 қазан 2019 19:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің және ҚР Президент Әкімшілігінің Басшысының келісімімен Жұмаділдаев Әнуар Серқұлұлы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Әнуар Жұмаділдаев 22 қыркүйекте Қызылорда облысында туған. Патрис Лумумба атындағы халықтар достығы университеті мен Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін бітірген.

2005 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінің төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2008 жылы ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінің Алкоголь, темекі және акциздеуге жататын басқа да өнімдерді әкімшілендіру басқармасының бастығы болып еңбек етті.

2009 жылы ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2012 жылы ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы лауазымына ауыстырылды.

Түрлі жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетін және Қаржылық бақылау комитетін басқарды.

2017 жылдың қаңтар айынан 2019 жылдың сәуір айы аралығында ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Жоғары қарай