Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Ішкі істер министрі полицейлер өзіне тән емес қызметтен босатылатынын айтты

2020 жылдың 21 ақпан 2020 18:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгінде 12 мың полиция қызметкері тек нысан күзетіп отыр. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Парламент Сенатындағы Үкімет сағатында 2019-2021 жылдарға арналған ішкі істер органдарын жаңғырту бойынша Жол картасын іске асыру тақырыбы талқыланды.

Полицияны өзіне тән емес функциялардан босату мәселесіне тоқталған министр, «Мемлекеттік органдардың және заңды тұлғалардың 72 күзет нысаны бәсекелестік ортаға берілді. Спорттық және мәдени-көпшілік іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ішкі істер органдары бөліністерін жаппай тарту практикасы қысқартылды. Енді бұқаралық іс-шаралардың ұйымдастырушылары жеке күзет құрылымдарының қызметкерлерін және еріктілерді тартады», - деді.

Оның сөзіне қарағанда, күзет бойынша тағы 662 нысанды (қазынашылық, салық қызметтері, қоймалар, соттар, прокуратура) бәсекелестік ортаға беру мәселесі пысықталуда.

«Бүгінде 12 мың полиция қызметкері тек нысан күзетіп отыр. Оларға қылмыстың бетін ашу , құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүктелмеген», - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Оның айтуынша, елімізде 5 100 күзет құрылымы бар, олар Ішкі істер министрлігімен лицензияланған. Аталған күзет құрылымдарының ішінде тек 2800-і ғана қызмет етуде. Осы орайда оларға күзет нарығында жұмыс болмай тұр.

«Бізде мамандандырылған күзетшілер 98 мыңға жетті. Оларда күзет қызметіне лицензиясы бар, сондай-ақ оларға қару ұстауға құқық берілген», - деді ведомство басшысы.


Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Сенат, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай