Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Ironman 70.3 Astana жарысы әлемдегі үздік жарыс атанды

2019 жылдың 1 сәуір 2019 19:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда триатлон тұңғыш рет өткізілген Ironman 70.3 Astana жарысы «Best New Events» 2018 санатындағы «Global athlete satisfaction award» марапатына ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Ironman 70.3 Astana қатысушылар сауалнамасының қорытындылары бойынша әлемдегі үздік жарыс атанды.

«Біз аса беделді марапатқа ие болғанымызға қуаныштымыз. Біз үшін бұл тағы бір жетістік. Қазақстанда, Орталық Азия мен ТМД-ның алғашқы мемлекетінде IRONMAN жарысының пайда болуының өзі - үлкен табыс. Осындай іс-шараны өткізу көптеген күш пен жігерді талап етеді. Осының бәріне жұмылдырылған адамдардың ұйымдасқан еңбегі септігін тигізді. Сондықтан да біз ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, полицияға және құтқару қызметіне көрсеткен қолдау үшін үлкен ризашылығымызды білдіреміз.​ Демеушілер компаниялардың арқасында спортшыларға үшін жайлы жағдай жасадық. Сонымен қатар, бізге, бұл жарысты дайындауға күні-түні көмектескен QVolunteers, International SOS волонтерлерімізді назардан тыс қалдыруға болмайды», - деді ұйымдастырушылар марапатты алғаннан кейін.

Еске салайық, 2017 жылы Дүниежүзілік триатлон корпорациясы басқа да тоғыз үміткер болған елден Қазақстанды таңдай отырып, Қазақ географиялық қоғамына франшизаны табыс етті. 2018 жылға «Ironman 70.3 Astana» жарысында әртүрлі жастағы триалон әуесқойлары, әйелдер мен ерлер, оның ішінде спортшылар, саяси қайраткерлер, мемлекеттік мекемелердің басшылары, бизнес өкілдері қатысты. Барлығы жарысқа әлемнің 47 елінен 1319 спортшы келді, олардың 791-і - қазақстандықтар.​

Басты сөздер: Спорт, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай