Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 363.26
EUR 420.11
RUB 5.54
CNY 52.45

Иранда жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды

2018 жылдың 24 қыркүйек 2018 07:58 385

ТЕГЕРАН. ҚазАқпарат - Иранда елдің оңтүстік-батысындағы Ахваз қаласында болған лаңкестік оқиғасына байланысты жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА-ға сілтеме жасап.

«Ахвазда болған кешегі теракт Иранның дұшпандары тек елді және ирандықтарды жоюға ұмтылып отырғанын көрсетті», - делінген ел үкіметінің жексенбі күні таратқан мәлімдемесінде.

Иран үкіметі өз мәлімдемесінде, сондай-ақ барлық өңірлік мемлекеттерді аталмыш қылмысқа қатысты бар барлық террористік топтарға қатаң түрде қарсы тұруға шақырды.

Елде дүйсенбі, 24 қыркүйек күні жалпыұлттық аза тұту күні болып белгіленді. Террактіде қаза болғандарды жерлеу рәсімі Ахвазда өтеді.

Еске салайық, сенбі күні өткен әскери парадта жасалған терракті салдарынан соңғы мәліметтер бойынша, 25 адам ажал құшты, тағы 60-ы зардап шекті. Трибунаның артында тұрған әскери киімдегі адамдар адамдарға оқ жаудыра бастаған.

Лаңкестік үшін жауапкершілікті «Аль-Ахвазия» сепаратистік тобы өз мойнына алды. Кейін жауапкершілікті сондай-ақ ДАИШ (Қазақстанда және өзге бірқатар елдерде тыйым салынған) террористік тобы алды. 

 

 

Перевод: Мира Төлендіқызы
Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай