Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Иранда су тасқынынан болған залал көлемі 3 млрд долларды құрады

2019 жылдың 14 сәуір 2019 17:19 902

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Иранның басым бөлігінде болған су тасқынынан елдің ауыл шаруашылығы саласына $3,1 млрд (130 трлн Иран риалы) залал келтірілген. Бұл туралы жексенбі күні Иранның ауыл шаруашылығы министрі Маxмуд Ходжати мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат Mehr агенттігіне сілтеме жасап.

Ходжати парламенттің ашық отырысында сөйлеген сөзінде Хузестан оңтүстік провинциясының ең қатты зардап шеккенін атап өтті.

Ауыл шаруашылығы инфрақұрылымына келтірілген залал көлемі $714 млн қаржыны құрайды.

Сондай-ақ, министр бұл көрсеткіштердің таяу күндері өсетінін қоса айтты.

Наурыздың екінші жартысынан бастап толассыз жауған жаңбыр салдарынан Иранның 1,9 мың қаласы мен ауылдарын су басты. Кем дегенде 70 адам мерт болды, деп атап өтті агенттік.

 

 

Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай