Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 399.51
EUR 447.33
RUB 5.78
CNY 56.10

Иранда коронавирустан екі адам ажал құшты

2020 жылдың 20 ақпан 2020 08:33

ТЕГЕРАН. ИРНА-ҚазАқпарат — Иранда коронавирус жұқтырған екі адам қайтыс болды. Бұл туралы ИИР Денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі Киануш Джаханпур мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА-ға сілтеме жасап.

«Өкінішке қарай, коронавирус анықталған егде жастағы екі адам жан тапсырды» деп хабарлады Джаханпур.

Бұған дейін Иранның Денсаулық сақтау министрі екі адамның коронавирус жұқтырғанын растаған болатын.

Бұл ақпаратты ирандық үкімет өкілі Алии Рабии де растады.

«Бірнеше минут бұрын Денсаулық сақтау министрі мекеме мамандарының баяндамасына сүйене отырып, Кумда коронавирус жұқтырды деген күдігі бар екі адамның сараптамасы оң нәтиже көрсеткенін мәлім етті», - деп жазды ол Twitter парақшасында.

Бұл Ирандағы алғашқы коронавирус жұқтыру оқиғалары.

Екі адам қаза тапқан Кумда бейсенбі күні мектептердегі сабақ тоқтатылды.

19 ақпан күнгі соңғы мәліметтер бойынша Қытайда жаңа коронавирустан қайтыс болғандар саны екі мың адамнан асты.


Басты сөздер: Әлем, Коронавирус,
Жоғары қарай