Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Иран билігі туризм саласын дамытуға күш салмақ

2018 жылдың 19 тамыз 2018 16:25

ТЕГЕРАН. ҚазАқпарат - Иранның Мәдени мұралар, өнеркәсіп және туризм ұйымының басшысы Әли Асгар Мунесан Иранға келетін шетелдік туристердің төлқұжатына елге кірерде штампы баспауды көздейтін заң жобасын мақұлдады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мунесанның айтуынша, мұндай шаралар АҚШ-тың санкцияларына байланысты қарастырылып отыр. Осы арқылы Иран билігі туризм саласын дамытуға күш салмақ.

Мунесанның айтуынша, Иранға келетін туристердің саны 2018 жылдың бірінші тоқсанында (2018 жылдың 20 наурызынан бастап) 38% артқан. Бірақ Еуропадан келетін қонақтардың үлесі азайып, бұл, өз кезегінде, төрт және бес жұлдызды қонақүйлердің жұмысына кері әсерін тигізген.

Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай