Ауа райы
Нұр-Сұлтан 11 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Инвестор Солтүстік Қазақстанда майлы дақылдарды өңдейтін үлкен зауыт салмақ

2019 жылдың 21 сәуір 2019 17:27 921

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО-да майлы дақылдарды өңдейтін зауыт салынбақшы. Инвестор жобаны жүзеге асыруға 9 млрд теңге қаржы құюды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Құмар Ақсақалов «Маслодел» ЖШС серіктестігінің бас директоры Павел Селивановпен кездесті. Кездесуде кәсіпорынның өңірдегі даму болашағы талқыланды.

"Маслодел" компаниясының бүгінде Қазақстан бойынша бірнеше зауыты бар. Соның бірі - сүт зауыты Петропавл қаласында, май зауыты Ғ.Мүсірепов ауданының орталығы - Новоишимкада орналасқан.

Мемлекеттің қолдауының арқасында компания өндірісті жетілдіріп, жаңалап жатыр. Екі жыл бұрын сүт зауытында Tetra Pak швед қондырғысы орнатылды. Биыл сүт өнімдерін шығаратын жаңа желіні ісе қоспақшы. Нәтижесінде жылына 36 мың тонна дайын өнім шығады. Осы мақсатқа 3 млрд теңге құйған кәсіпкер, қосымша тағы 45 жұмыс орны ашылатындығын айтады.

Биыл «Маслодел» Петропавлдағы зауытында сүт өнімдерін өңдейтін жаңа желіні іске қоспақ. Бұл 36 мың тонна дайын өнім. Жалпы инвестиция құны 3 млрд.теңге. Қосымша 45 жаңа жұмыс орны ашылады.

Павел Селиванов облыс әіміне майлы дақылдарды өңдейтін жаңа зауыттың жобасын ұсынды. Жаңа кәсіпорын жылына 500 мың тоннаға дейін рапс, зығыр және күнбағысты өңдейтін болады. Жобаға 9 млрд теңге инвестиция құйылмақ. Жаңа зауыт 135 адамды жұмыспен қамтиды. Бюджетке 800 млн жуық теңге салық түседі.

«Өте маңызды жобалар. Біз бірнеше рет кездестік. Сіздің зауыттың жаңғыртылуы сүт өндірісінің ұлғаюына әкелді. Былтыр біз 4 сүт-тауар фермасын аштық. Биыл тағы 3 сүт кешені іске қосылады. Келесі жылға да осындай жоспар бар. Қазір біздің облыс өндірілген сүттің 44 пайызын өңдейді. «Маслодел» зауытының жаңа желісі іске қосылғанда, 50 пайыз болады. Жыл сайын бұл көрсеткіш ұлғайып тұруы керек. Біз өндіруді білеміз, бірақ өңдеуге көңіл бөлмейміз. Сондықтан, сүт, ет, бидай және майлы дақылдарды қайта өңдеу бағытын жалғастырамыз. Мемлекет сізге жобаларды іске асырудың барлық сатыларында көмектесетін болады», - деді Құмар Ақсақалов.

Кәсіпкердің айтуынша, майлы дақылдарды өңдейтін май зауытының құрылысы келесі жылы басталмақшы.

 

 

Жоғары қарай