Ауа райы
Нұр-Сұлтан 20 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 383.69
EUR 429.08
RUB 5.97
CNY 55.39

Индонезияда жанартау атқылап, 9 елді мекенді күл басып қалды

2019 жылдың 25 мамыр 2019 09:09 2229

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жұмадан сенбіге қараған түні Бали аралындағы Агунг жанартауы оянды. Бұл туралы Associated Press (AP) Индонезияның Табиғи апатты болдырмау жөніндегі агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Агенттіктің деректері бойынша, жанартау төрт жарым минуттай атқылаған. Вулканның кратерінен шыққан лава тасқыны 3 шақырымдай жерге тарап, маңайындағы 9 елді мекенді күл басып қалған.

Зардап шеккендер мен құрбандар жөнінде әзірге ақпарат түсе қойған жоқ. 

 

 

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай