Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Индонезияда кеме өртеніп, жеті адам қаза тапты

2019 жылдың 17 тамыз 2019 17:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Индонезияда жағалауда тұрған кеме өртеніп, жеті адам қаза тапты. Тағы төрт адам хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға елдің орталық бөлігіндегі Оңтүстік-Шығыс Сулавеси провинциясының жағалауында болған.

Синьхуа агенттігінің Индонезия Іздестіру және құтқару ұлттық агенттігінің ресми өкілі Юсуф Латифке сілтеме жасап хабарлауынша, қаза тапқандардың екеуі – бала. Апатқа ненің себеп болғаны әзірге белгісіз, басқа ақпарат жария етілмей отыр.

Өрт кеменің машиналық бөлігінде тұтанған болу керек. Экипаж мүшелері жалынды өшіре алмаған.

«Жолаушылар суға секіруге мәжбүр болған», - дейді Латиф.

Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай