Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Индонезияда екі арал су астында қалды

2020 жылдың 16 қаңтар 2020 11:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының өзгеруіне байланысты теңіз деңгейінің көтерілуі салдарынан Индонезияның Оңтүстік Суматра провинциясының құрамына енетін екі елсіз арал су астына кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Jakarta Post газетіне сілтеме жасап.

Бетет және Гундул шағын аралдары теңіз деңгейінен 1 және 3 метрге төмендеп, су астында қалды. Атап өтейік, Бетет аралы Бербак-Сембиланг ұлттық паркінің бір бөлігі болатын.

Егер «мұхит деңгейінің көтерілуімен күрес» шаралары жүргізілмесе Индонезияның тағы да төрт аралының жойылып кету қаупі бар.


Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай