Ауа райы
Нұр-Сұлтан 1 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 378.90
EUR 422.74
RUB 5.87
CNY 54.80

Индонезияда дауыс санаудан зорыққан сайлау комиссиясының 91 мүшесі жан тапсырды

2019 жылдың 23 сәуір 2019 17:03 1064

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Индонезияда өткен жалпыхалықтық сайлаудағы дауыстарды санау кезінде титықтап зорыққан 91 адам қайтыс болды. Бұл туралы сейсенбіде Antara агенттігі Индонезия Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Ариф Будиманға сілтеме жасап хабарлады.

Ариф Будиманның айтуынша, тағы 374 адамның қатты қалжырағандықтан денсаулығы күрт нашарлаған.

Құрбан болғандардың арасында Малуку провинциясындағы сайлау учаскесінің басшысы Адодо Молу да бар. Ол өңірдегі сайлау қорытындыларына арналған жалпы отырыс кезінде жан тапсырды.

17 сәуір күні Индонезиядағы ең үлкен сайлау өткізілді. Ел азаматтары президенттен тыс екі палатаның депутаттарын, жергілікті заң шығарушыларды сайлаған.

Сайлауға жалпы 240 кандидат қатысып, олар 20 мың орынға таласқан болатын.

Дауыс беруге 193 млн сайлаушының 80 пайызы келген. 

 

 

Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай