Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Импортты азайту: Қазақстан мал терісін шетелге шығармайтын болады

2019 жылдың 18 наурыз 2019 15:24

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов Қазақстанға келетін импорттық тауарлардың көлемін азайту бағытында қандай шаралар қолға алынып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен халыққа керекті қарапайым тауарларды өндіру үшін 600 млрд теңге бөлінгелі отыр. Сол саланың бірі - жеңілөнеркәсіп. Мәселен, оның ішіне біздің күнделікті киетін киімдеріміз, балалардың аяқ киімі секілді басқа да керекті заттар жатады. Біздің жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындар өкінішке қарай, тек арнайы киімдерді ғана тігеді (әскери, ішкі істер немесе медициналық салада). Бұл бағдарлама бойынша тек мемлекеттің тапсырысымен ғана істейтін компаниялар емес, тұтынушыларға, халыққа өндірілетін негізгі тауарлар шығарылады», - дейді Абылай Мырзахметов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Қазақстанға келетін киім-кешектің 82 пайызы - импорт. Импортты шектеу үшін мамандар жан-жақты талдау жасап, негізгі қиындық - шикізат көзінің болмауы деген қорытындыға келген.

«Яғни, шикізат көзін алып келгеннен кейін оның бағасы қымбатырақ болады да, біз Қытайдан немесе Түркиядан, Ресей мен Беларусьтен келетін тауарлармен бәсекелесе алмаймыз. Сондықтан, осының бәрі сарапталды. Соның арқасында нақты жол картасы жасалды. Яғни, алдағы шикізатты өзімізде шығарамыз. Екіншіден, жеңілдікпен қаражат беріледі. Содан кейін теріні шетелге шығармаймыз. Өзімізде өңдейтін жағдай жасадық. Оны Үкімет қолдады. Жол картасында бәрі жазылған. Бұл бағдарлама алдағы 3-4 жылда елімізде импортты төмендетіп, ел ішіндегі тауарлардың 50 пайызынан көбін өзіміз өндіру мақсатын қойып отырмыз», - дейді Абылай Мырзахметов.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының айтуынша, қазіргі таңда Алматыдағы Қытайдан алып келетін тауарлардың бәрін өткізетін базарлармен жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Қытайдан келетін тауарлардың көбісі салық төлемей, контрафакт арқылы келеді. Оны да өздеріңіз білетіндей, Елбасы нақты тапсырма берді. Осы жолы тосқауыл, салықты салып, ол бағамен біздің бағаны бәсекеге алып келу керек», - дейді Абылай Мырзахметов.

Еске сала кетсек, бұған дейін ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин отандық тауарлардың көлемін ұлғайтуға қатысты негізгі міндеттерді атаған болатын. Үкімет басшысының айтуынша, жеті жылдан кейін импорттың үлесі 59 проценттен 37-ге дейін түседі. Есесіне отандық тауарлардың көлемі артады. Осыған байланысты өңдеуші кәсіпорындары әртараптандыру шаралары жалғасады.

Жоғары қарай