Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Іле-Балқаш резерваты өңірде шағын кәсіпкерлікті дамытуға көмектесуде

2019 жылдың 28 қыркүйек 2019 21:11

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы аумағында орналасқан Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты Балқаш ауданында шағын кәсіпкерлікті дамытуға үлес қосуда. Арнайы қайтарымыз гранттар бөлініп, ауыл тұрғындары өз кәсібін ашуға кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шағын гранттар бағдарламасы WWF - Бүкіләлемдік жабайы табиғат қорының бастамасымен және қаржыландыруымен жүзеге асып жатыр.

2016 жылдан бері 23 азамат шағын грант иеленіп, өз кәсібін дөңгелетуге кірісті. Қосымша жұмыс орындарын ашып, әр түрлі бағытты игере бастады. Мәселен «Ардақ» шаруа қожалығының жетекшісі 150 қаз алып, өсіріп, көбейтіп жатыр. Еті мен қауырсынын, мамығын кәдеге жаратпақ. Ал «Манабай» шаруашылығы картоп пен түрлі көкөніс өсіріп, өнімін ауыл нарығына шығаруда. Сондай-ақ шағын қонақ үй ашып, омарта шаруашылығын бастап, мал азығын дайындап жатқан азаматттар да бар. Үш жылда 28 млн теңгеге жуық қаражат игерілді.

Резерват қызметкерлерінің айтуынша ауыл халқына баламалы табыс көзін ашуға көмектесу арқылы ауданда браконьерлікті азайтуға мүмкіндік туды. Себебі жұмыссыз отырған тұрғындары отбасын асырау үшін заңсыз аң-құс атып, балық аулап жан бағуға мәжбүр болған. Шағын гранттар бағдарламасы 2025 жылға дейін жалғасатын болады.

Жоғары қарай