Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Илья Ильин Талдықорғанда өткен жарыста жеңіске жетті

2019 жылдың 9 тамыз 2019 15:23

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат –Талдықорғанда ауыр атлетикадан өткен Қазақстан спартакиадасында Илья Ильин жеңіске жетті. Төрт дүркін әлем чемпионы 102 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спортшы «Жұлқа көтеруде» 170 келіні еңсеріп, қарсыластарынан оқ бойы озық тұрды.

«Серпе көтеруде» Ильян Ильин 200 келі салмақты бірінші мүмкіндігінде көтере алмай, екінші талпынысында бағындырды. Ал үшінші мүмкіндігінде 205 келіге тапсырыс беріп, өкінішке орай зілтемірге шамасы жетпеді. Қос сайыстың қорытындысы бойынша Илья Ильин 370 келіні (170 келі жұлқа көтеру-200 келі серпе көтеру) көтеріп, спартакиаданың жеңімпазы атанды.

Осы бәсеке кезінде Илья Ильин бұған дейінгі жарыстарда көрсеткен нәтижесінен жоғары көрсеткішке қол жеткізді.

Айта кетейік, Талдықорғанда 4-9 тамыз аралығында Қазақстанның ауыр атлетикадан спартакиадасы өтті. Жарыс бүгін мәресіне жетті.

Автор Самал Қабышева
Басты сөздер: Алматы облысы, Спорт,
Жоғары қарай