Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Илья Ильин қол күресінен Әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

2019 жылдың 16 желтоқсан 2019 22:50

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық армрестлер Илья Ильин Польшада өткен қол күресі бойынша Әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Румия қаласында өткен жарысқа әлемнің 30 елінен келген 500 жуық кәсіби қол күресі шеберлері қатысып, бақ сынады.

«105 келіге дейінгі салмақтағылар арасында Ақмола облысынан барған армрестлер Илья Ильин Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды», - дейді облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина.

Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Спорт, Ақмола облысы,
Жоғары қарай