Ауа райы
Нұр-Сұлтан 19 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 379.36
EUR 424.47
RUB 5.88
CNY 54.95

Хоккейден Әлем чемпионатының алғашқы қатысушысы Нұр-Сұлтанға келді

2019 жылдың 23 сәуір 2019 19:37 829

  НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 23 сәуір, сейсенбі күні Қазақстан астанасына Әлем чемпионатына қатысу үшін Оңтүстік Корея хоккей құрамасы  келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап. 

Джим Пак шәкірттері әлемдік додада 1-дивизионның А тобында өнер көрсетеді. Олар 17:35-те әуежайдан Radisson қонақүйіне жетті.



Автобустан алғаш түскендердің қатарында екі дүркін әлем чемпионы, Стэнли кубогының жеңімпазы Сергей Немчинов болды. Ол Корея құрамасының бапкерлер штабына қосылған.

«Жігіттер алыс сапардан шаршады, әрине. Бірақ әлі-ақ күш жинап алады. Осы Әлем чемпионатына Корея құрамасының барлық мықты ойыншыларын жинадық», - дейді Сергей Немчинов.

Еске сала кетейік, кореялықтар турнир алдында, яғни 26 сәуір күні Қазақстанмен жолдастық кездесу өткізеді. 29 сәуірде Әлем чемпионатын Венгрияға қарсы ойынмен бастайды.

24 сәуір күні Беларусь құрамасының келуі жоспарланған.

 









Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Спорт,
Жоғары қарай