Ауа райы
Нұр-Сұлтан 20 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 383.69
EUR 429.08
RUB 5.97
CNY 55.39

Хоккейден ӘЧ: Жасөспірімдер құрамасы екінші мәрте жеңіске жетті

2019 жылдың 17 сәуір 2019 19:38 755

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден 18 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионаты бірінші дивизионында екінші мәрте жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетелік, біздің құрама А тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары - Германия, Дания, Франция, Украина және Норвегия құрамалары. Аталмыш бәсеке Францияның Гренобль қаласында өткізіліп жатқаны белгілі.

Бүгінгі кездесуде біздің құрама сапынан 12-минутта Артем Королев, 32-минутта Әли Қасенов, 43-минутта Денис Чапоров, 48-минутта Максим Мусоров қарсыластар қақпасын дәл көздеді. Ал 50-минутта Данил Бутенко, 58-минутта Әлихан Өмірбеков мергендік танытты. Украина сапынан 52-минутта Евгенй Абаджян жалғыз ғана шайбамен жауап қайырды.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы бұған дейін екі кездесу өткізіп үлгерді. Алдымен Германиядан 2:5 есебімен жеңіліп қалды. Сосын Францияны 7:2 есебімен тізе бүктірді.  Біздің құрама 18 сәуірде Норвегиямен шеберлік байқасады. Кездесу елордада уақытымен 20.00-де басталады.

Бүгін аталмыш топта тағы екі кездесу болады. Атап айтқанда, Германия мен Дания,  Франция мен Норвегия құрамалары мұз айдынға шығады. 



Фото: www.instagram.com/kazakhstanhockey

Автор: Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай