Ауа райы
Нұр-Сұлтан 20 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Хоккей: Қазақстан қыздары Қытайды тізе бүктірді

2019 жылдың 12 сәуір 2019 21:58 942

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытай астанасы - Бейжің қаласында шайбалы хоккейден қыздар арасында Әлем чемпионатының бірінші дивизионы В тобындағы соңғы тур ойындары өтті. Қазақстан құрамасы Қытаймен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш додада Қазақстан құрамасы сәтсіз ойын көрсетіп келеді. Бұған дейінгі екі кездесуде де қарсыластарына есе жіберді. Алдымен Польшадан 3:5 есебімен жеңіліп қалған еді.

Одан кейін Голландияға 1:3 есебімен жол берді.

Ал үшінші кездесуінде Латвияға буллиттен 1:2 есебімен ұтылды.

Төртінші турда Оңтүстік Кореяға 1:5 есебімен есе жіберді. 

Десе де бүгін қазақстандық спортшылар өте жинақы ойын көрсете білді. Айдын иелері саналатын Қытайға қарсы шыққанымен, кездесуде есепті қазақстандықтар ашты. Ойынның 28-минутында Лариса Свиридова қарсыластар қақпасынан саңылау тапты. Ал 32-минутта Ғалия Нұрғалиева мергендік танытты. Оған 37-минутта Қытай хоккейшілері жалғыз ғана голмен жауап қайыра алды. Кездесуде Қазақстан қыздары аталмыш қарсыласын 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Бүгін тағы да екі кездесу өткізілді. Голландия Польшаны 2:0, Оңтүстік Корея Латвияны 4:1 есебімен жеңді.

Турнир барысында бірде-бір ұпайды шашау шығармаған Голландия 15 ұпай жинап, алдағы жылы топ-дивизионда ойын көрсетуге мүмкіндік алды. Одан кейінгі орындағы Оңтүстік Корея мен Польшаның - 9, Қытайдың - 6, Қазақстанның 4 ұпайы бар. Турнир барысында небәрі 2 ұпай жинаған Латвия келер жылы екінші дивизионда сынға түседі.

 

Фото : icehockey.kz

 

Автор: Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай