Ауа райы
Нұр-Сұлтан 20 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 383.69
EUR 429.08
RUB 5.97
CNY 55.39

Хоккей: Қазақстан құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

2019 жылдың 29 сәуір 2019 22:22 1130

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордамыз - Нұр-Сұлтанда шайбалы хоккейден әлем чемпионаты бірінші дивизионы А тобындағы бірінші тур ойындары мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы Словениямен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, аталмыш кездесудің бірінші кезеңінде Қазақстан құрамасы қарсыластар қақпасына үш шайба соққан еді.

Алдымен 3-минутта Никита Михайлис мергендік танытса, одан кейін 9-минутта Антон Некряч есепті үстемелей түсті. Ал 16-минутта Никита Михайлис тағы бір соғылған шайбаның авторы атанды.


null

null  

Екінші кезеңде Словения құрамасы шабуылға көбірек шықты. Нәтижесінде олар тарапынан екі шайба соғылды. Бұл кезеңде Қазақстан хоккейшілері қарсыластар қақпасынан саңылау таба алмады.

Үшінші кезең екі құрама тарапынан шабуылмен ерекшеленді. Словения хоккейшілері қазақстандықтардың қақпасының маңында жиі бой көрсетіп жатты. Дегенмен шайба соғылған жоқ. Қазақстан Словенияны 3:2 есебімен жеңді.

Қазақстан хоккейшілері енді 1 мамырда Литвамен кездеседі. Ал ертең 30 сәуірде Оңтүстік Корея мен Словения, Беларусь пен Венгрия құрамалары өзара мықтыны анықтайтын болады.  



null 

null 

null

null  

 

 

Автор: Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Спорт,
Жоғары қарай