Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Хоккей: «Арлан» өз айдынында «Алтай Торпедодан» ұтылды

2019 жылдың 13 қараша 2019 08:48

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудың «Арлан» ХК өз айдынында Өскеменнің «Алтай Торпедо» командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан чемпионаты шеңберінде «Арлан» ХК өз айдынында өткізген кездесуінде қонақтарға 3:5 есебімен есе жіберіп алды. Қонақтар сапында Архипов (2 шайба), Богачонок, Куянов, Колобов көзге түссе, алаң иелері арасында Шитиков пен Маркелов (2 шайба) мергендік танытты.

Ал, бір күн бұрын өткен кездесуде айдын иелері қонақтарды 5:2 есебімен тізе бүктірген еді.

Осылайша, 65 ұпай жинаған «Арлан» ХК ел чемпионатының турнир кестесінде көш бастап тұр.

Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Спорт, Ақмола облысы,
Жоғары қарай