Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Хан Тәңірі шыңында Черногориядан келген альпинист қаза тапты

2019 жылдың 14 тамыз 2019 14:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат-Кабар – Хан Тәңірі шыңында (7 010 метр) 7 тамызда қайғылы оқиға болды – Черногориядан келген альпинист Милан Радович қаза тапты. Оның мүрдесі базалық лагерьге жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

«Физикалық және техникалық дайындықты қажет ететін, 7010 метр биіктіктегі Хан Тәңірі шыңына сәтті шыққан Милан Радович 4-ші биіктік лагеріне түскен болатын. Кейін ол тұрған мұз шытынап кетіп, 1 000 метр құздан құлап, черногориялық альпинист қаза тапты», - делінген «Visokogorci Crne Gore» альпинистер клубының сайтында.

Айта кеткен жөн, марқұммен бірге жұмыс істеген әріптесі Александр Джаджич зардап шекпеген. Ол қайғылы оқиға болған кезде палатканың ішінде болған. Альпинистер палатканы 6 400 метр биіктікте орнатқан.

«Ак-Сай трэвел» туристік компаниясының кеңесші-құтқарушысы Тимур Малахуновтың айтуынша, қаза тапқан черногориялық альпинистің денесі базалық лагерьге жеткізілді.

Еске салайық, черногориялық альпинистер Тянь-Шань тауында экспедицияны 20 шілдеде бастаған. Олардың басты мақсаты – 7 439 метр биіктіктегі Жеңіс шыңына шығу болған.

Басты сөздер: Қырғызстан, Оқиға,
Жоғары қарай